Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны айтарлықтай күшейді.

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны айтарлықтай күшейді. Осы бағыттағы қолдау шаралары да кеңейіп, шаруалардың шығынын өтеу деңгейі 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Ендігі таңда мемлекет су алу инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ суару жүйелерін сатып алып, орнатуға жұмсалатын қаражаттың бір бөлігін субсидиялайды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Соңғы екі жылда қабылданған шешімдер нақты нәтиже беріп отыр: су үнемдеу технологиялары қолданылатын егіс көлемі жыл сайын шамамен 150 мың гектарға ұлғаюда. 2025 жылдың қорытындысында мұндай алқап көлемі 543,5 мың гектарға жеткен. Өткен жылы өңір шаруалары 11 мың гектар жерге жаңа технология енгізіп, жалпы көрсеткішті 66,5 мың гектарға жеткізді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев атап өткендей, қазіргі басты міндет – қолда бар су ресурстарын барынша тиімді пайдалану. Себебі соңғы жылдары су тапшылығы күшейіп, трансшекаралық өзендерге тәуелділік ауыл шаруашылығы өнімінің шығымына әсер етуде. Осы жағдайды ескере отырып, тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиялары белсенді енгізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.