Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған «Жамбыл Жабаев бүгін “Instagram”-да не туралы жазар еді?» атты ерекше байқау көпшілікке тың форматтағы мәдени тәжірибе ұсынды.

0

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған «Жамбыл Жабаев бүгін “Instagram”-да не туралы жазар еді?» атты ерекше байқау көпшілікке тың форматтағы мәдени тәжірибе ұсынды. Бұл жоба дәстүрлі рухани мұраны заманауи цифрлық кеңістікпен ұштастыра отырып, көрерменге жаңа қырынан ой салды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2026 жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп белгіленуі – ел дамуының жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Осы бастамамен үндескен шара уақыт пен кеңістікті байланыстырып, технология мен ұлттық құндылықтардың үйлесімін айқын көрсетті.

Байқауға жетекші білім беру ұйымдары мен мәдени мекемелерден 30-ға жуық жұмыс ұсынылды. Қатысушылардың еңбектері мазмұндық тереңдігі, ұлттық нақыштың көрінісі, эмоциялық және зияткерлік әсері, техникалық сапасы мен жаңашылдығы бойынша сараланды.

Іс-шара тек байқаумен шектелмей, мазмұнды көрмелер мен таныстырылымдармен толықты. «Жыр алыбы – Жамбылым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, робототехника саласындағы жетістіктер көрсетілді. Сонымен қатар ақынның «Таңдамалы» жинағы Брайль қарпінде таныстырылып, ерекше маңызға ие болды. Келушілерге байқаудың үздік бейнероликтері ұсынылып, жасанды интеллектінің даму кезеңдері туралы ақпарат берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.