Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді аурухана базасында өңір хирургтарының ауқымды съезі ұйымдастырылды.

0

Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді аурухана базасында өңір хирургтарының ауқымды съезі ұйымдастырылды. Бұл маңызды жиын әртүрлі бағытта еңбек ететін білікті мамандардың басын қосып, тәжірибе алмасуға және кәсіби пікірталас жүргізуге кең мүмкіндік берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Съезге тамыр хирургтары, травматологтар, урологтар, проктологтар, балалар хирургтары, сондай-ақ аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдарда қызмет ететін тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Кездесу барысында қазіргі хирургия саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, озық тәсілдер мен тиімді практикалар ортаға салынды.

Бағдарлама мазмұн жағынан бай әрі тәжірибеге бағытталған сипатымен ерекшеленді. Қатысушылар клиникалық тұрғыдан маңызды тақырыптарды кеңінен қамтып, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы несеп-тас ауруын емдеудің заманауи әдістерін талқылады. Сонымен қатар жарақаттар кезінде аз инвазивті хирургияны дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.