Тараз қаласына Алматы облысы Жамбыл ауданынан 17 мың кітап тиелген «Кітап керуені» келіп жетті. Ауқымды бастама білім ордаларын қолдауға және қоғамда кітап оқу мәдениетін ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Іс-шараның ашылуы Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейде өтті. Жыр алыбының 180 жылдығына орай оның рухына тағзым жасалып, шығармалары оқылды. Бұл тағылымды шара рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызды бөлігіне айналды.

Керуен арқылы жеткізілген 17 мың кітаптың тең жартысы қоғамдық қор есебінен арнайы сатып алынған. Ал қалған бөлігі облыс әкімдігінің қолдауымен және қаламгерлердің сыйға тартуы арқылы жиналған.

Жоба аясында 340 ауыл мектебіне әрқайсысына 50 кітаптан үлестіріледі. Мұндай бастама шалғай елді мекендердегі білім беру ұйымдарының кітап қорын толықтырып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға серпін бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.