ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ
Қордай ауданында ауыл шаруашылығының дамуы тек егін мен бау-бақшамен шектелмей, мал шаруашылығында да қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе, мал тұқымын асылдандыру мен бордақылаумен айналысатын шаруашылықтардың саны артқан. Осындай шаруашылықтардың бірі – Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» шаруа қожалығы.
Бұл қожалық мал шаруашылығы саласында жаңашылдық пен жетістіктерге ие болып, заман талабына сай даму үстінде.
«Қарлығаш» шаруа қожалығын басқарушы Бекзат Алиевтің айтуынша, бүгінгі таңда оның 200 бұқасы бар.
«Былтыр әкелген бұқашықтар бүгінде бордақылануда және ет өнімдері ретінде өткізуге дайын. Біздің бордақылау алаңымыз бір мезгілде 300 бұқа байлауға есептелген. Біз жем-шөбімізді өз кәсіпорнымыздан қамтамасыз етеміз, бұл бізге өндірісімізді тиімді басқаруға мүмкіндік береді», — дейді ол.
Шаруашылықтың негізі ертеректе әкесі Ғани Алиев тарапынан қаланған. Кәсіби білім мен тәжірибе жинақтаған кейіпкеріміз, шаруашылықты одан әрі дамытуға мақсат қойған.