АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

0

Қордай ауданы прокуратурасының бастамасымен «Қоғаммен байланыс» жобасы мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында шалғай елді мекендерде көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков Кенен, Үлкен Сұлутөр және Сұлутөр ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу аясында уәкілетті органдар тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл халқын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдаулар өтті.

Сонымен қатар, азаматтарға құқықтық және ақпараттық көмек көрсетілді. Аталған шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, полиция бөлімі, аудандық орталық аурухананың өкілдері, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, сондай-ақ нотариус пен адвокаттар қатысты. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешуге ықпал ету.

«Қоғаммен байланыс» жобасы — заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.