Құрметті тыл еңбеккерлері!
Қымбатты қордайлықтар!
Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 81 жыл толып отыр. Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ерекше күн.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Бейбіт аспанымыздың астында қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараймыз.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен өңірлеріміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің арқасында мүмкін болып отыр.
Бүгінгі жас буын Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгі борыштар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін аудандық деңгейде барлық мүмкін болған нәрселерді жасаудамыз.
Қымбатты жерлестер!
Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қазақстандық батырларды құрметтеуге міндеттіміз. Жастарға патриоттық тәрбие беру ісін, Жеңістің биылғы 81 жылдығына орай аудан көлемінде көптеген ауқымды шаралар қолға алынып орындалуда.
Бұл ерекше күнде сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік, ізгілік пен береке, шуақты сәттер тілеймін!
Бегзат БОЛАТБЕКОВ, Қордай ауданының әкімі