ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

0

Заңнамаға сәйкес, кез келген сатып алуды растайтын негізгі құжат — фискалдық чек болып табылады. Фискалдық чек — бұл сатушы тауарды немесе қызметті сату кезінде сатып алушыға қағаз немесе электронды түрде беретін және заңды күші бар құжат. Сондай-ақ, барлық кәсіпкерлер фискалдық чекті бермеу заңмен жазаланатынын және нәтижесінде бизнеске қатысты қаржылық жауапкершілік шаралары қолданылатынын естен шығармауы тиіс. Маңызды атап өткен жөн:

  • сатып алушы кез келген тауар немесе қызмет үшін фискалдық чек талап етуге құқылы;
  • фискалдық чек тұтынушының құқықтарын қорғайды және тауарды қайтару немесе айырбастау үшін негіз болып табылады;
  • кәсіпкерлер деректерді тіркеу және мемлекеттік кірістер органдарына беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдануға міндетті;
  • чек қағаз түрінде де, электронды түрде де (SMS, e-mail немесе мессенджерлер арқылы) берілуі мүмкін;
  • чек берілмеген жағдайда, тұтынушылар мемлекеттік кірістер органдарына шағымдана алады;
  • чек беру талаптарын сақтау клиенттердің сенімін арттырып, бизнестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта арнайы сауалнама жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында азаматтар түрлі нысандарда қызмет көрсету барысында анықталған заңбұзушылықтар туралы өз пікірлерін қалдырып, нақты жағдайлар мен кемшіліктерді көрсете алады. Бұл бақылауды күшейтіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Осылайша, фискалдық чекті беру — бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және адал кәсіпкерлік ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Б.ТЫНЫБАЕВ, Қордай ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.