ТАҒАЙЫНДАУ

0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы, 1 тармағына, 30-шы бабының 1 тармағына сәйкес Қордай ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы болып Әлімжанов Ғалым Бекмұрзаұлы тағайындалды.

Әлімжанов Ғалым Бекмұрзаұлы 1983 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі-жоғары. 2004 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004-2005 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылының орта мектебінде Тарих және география пәнінен мұғалім болып бастаған.

2006-2007 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай ауыл шаруашылық» колледжінде тарих және география пәндерінен оқытушы; 2007-2009 жылдары «Қордай ауыл шаруашылық» колледжінде күндізгі оқу бөлім меңгерушісі;

2009-2013 жылдары Қордай ауданының Ноғайбай ауылының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №19 кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

2013 жылы № 9 орта мектебінің директоры;

2013-2018 жылдары №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің директоры;

2018-2023 жылдары №19 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;

2023 жылы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қызметтер атқарған;

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.