Жер сілкінісі – алдын ала болжау қиын табиғи апаттардың бірі. Сондықтан әрбір азамат қауіпсіздік шараларын білуі тиіс. Дұрыс әрекет ету – өз өміріңізді және жақындарыңызды сақтап қалудың басты кепілі.
Жер сілкінісі болған кезде;
— Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз
— Терезеден, айнадан, ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз
— Берік үстелдің астына тығылыңыз
— Ішкі қабырғаға немесе есік жақтауына жақындаңыз
— Лифт қолданбаңыз
— Газ бен электр құралдарын өшіріңіз
Көшеде болсаңыз;
— Ғимараттан алыс ашық жерде күтіңіз
— Электр сымдарынан сақболыңыз
Дұрыс әрекет ету арқылы адам өз өмірін сақтай алады. Әрдайым дайын болыңыз!
А.ӘБІШ, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры