Сарбаздар әскери техникамен марш жасады

0

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты Оқу орталығының сарбаздары әскери техникамен марш жасады.

Оқу тәрбие жоспарына сәйкес кіші мамандар даярлайтын Артиллерия әскерлері әскери мектебінің механик-жүргізушілері жеңіл брондалған тартқыш техникасын іс жүргізу сабағында жаттығулар орындады.
Жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеңіл брондалған тартқыш техникасымен 15 шақырым жол жүріп өтті. Олар, оқу тәрбие процесі басталғалы барлық жаттығуларды қосқанда жалпы 120 шақырымды жүріп өтті.
Бүгін 1-ші оқу-жаттығу ротасы жеке құрамымен жүргізу сабағынан сарбаздардың тәжірбиелерін шыңдау мақсатында жеңіл брондалған тартқыш техникасымен марш жасадық. Біздің сарбаздар алдағы уақытта болатын жауынгерлік оқу-жаттығуларда өз шеберліктерін көрсете алатынына сенімдіміз, – деді 1-ші оқу-жаттығу ротасының командирі гвардия капитаны Мерей Құрал.
Айтулы әскери бөлімде кіші мамандар даярлайтын мотоатқыштар, танкистер және артиллерия әскери мектептерінде БМП жаяу ұрыс машинасы мен Т-72 танктерінің механик-жүргізуші, көздеуші-операторы сондай-ақ, БТР-80 брондалған транспортер, МТЛБ жеңіл брондалған тартқыш техникаларының механик-жүргізуші және артиллериялық қару-жарақ командирлерінің, яғни Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын мамандар даярланады.
Айта кетейік 6 ай көлемінде оқу процесін тәмәмдаған курсанттар алдағы уақытта кіші маман сертификатын алып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдерінде әскери қызметтерін жалғастыратын болады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.