Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов облыстық және республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттады.
Іс-шара барысында республикалық 5–6, 7–8, 9–11 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадаларының, сондай-ақ өзге де атаулы білім сайыстарының облыстық кезең жеңімпаздары марапатталды. Барлығы 55 оқушыға құрмет көрсетілді. Оның ішінде 5 алтын, 13 күміс және 37 қола медаль иегері бар. Сонымен қатар, ерекше білім жетістігімен көзге түскен 19 оқушы арнайы марапатқа ие болды.
Өз сөзінде Ғалым Бекмұрзаұлы жас жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістігі – ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
🎓 Шарада ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмады. «Білім қызметкерлері кәсіподағының Қордай аудандық комитеті» филиалының төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева білім саласына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздарға «Құрмет» грамоталарын табыстады.