Әскери міндеттілермен жиын өтуде

0

Гвардейск гарнизонында әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиыны өтуде.
40-шы «Отар» әскери базасына Алматы, Жамбыл облыстарынан 90-ға жуық әскери міндетті шақырылды. Олар Мәтібұлақ оқу-жаттығу полигонындағы шатырлы қалашыққа ораластырылды. Далалық жағдайда жеке құрамға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуда.
Әскери міндеттілер жататын орындар мен киімдермен қамтамасыз етілген. Жеке құрамның тәуліктік жасақта атқарған қызметтері талапқа сай. Олар басқа да қойылған тапсырмалар мен талаптарды нұсқаулыққа сай орындауда. Олардың Отанға деген қызметі өте жақсы, — деді 1-ші танк ротасының старшинасы ефрейтор Рысбек Шаршыбай.
Әскери міндеттілер Т-72 танк экипаждарының, яғни танк командирі, механик-жүргізуші және көздеуші-операторы мамандықтары бойынша білімдерін шыңдауда. Қазіргі таңда олар әскери міндеттілер бағдарламасының жауынгерлік жоспарына сай Т-72 танк қару жарағынан взводтардың жауынгерлік атыстарын орындауда. Іс-тәжірибе сабақтары қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, тиісті деңгейде жүргізілуде.
Мәтібұлақ полигонында әскери міндеттілермен жиын өткізілуде. Олармен жауынгерлік дайындық, мемлекеттік-құқықтық дайындық және дене дайындығы бойынша сабақтар жүргізілуде. Қазіргі таңда взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде. Әскери міндеттілер қорытынды бойынша жақсы нәтижелер көрсетуде, — деді әскери міндеттілер жиыны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бағлан Бірімбетов.
Айта кетейік оқу-жаттығу жиыны ағымдағы жылдың 17-ші қыркүйегіне дейін жалғасады. Әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны жыл сайын бір ай көлемінде жүргізіліп тұрады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.