Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары мен мектеп бітіруші түлектер арасында бітіру кештерін ұйымдастырмау, табиғат аясына демалысқа шықпау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0

Түсіндіру барысында бітіруші түлектерге оқу жылының аяқталуына байланысты түрлі мерекелік басқосулар мен бейресми кештер ұйымдастырудың қауіпсіздікке кері әсері туралы айтылып, табиғат аясына, су айдындары мен демалыс орындарына бақылаусыз барудың қауіптілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын бұзбау және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – бітіруші түлектер арасында жазатайым жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.