Танкистер штаттық оқ-атуды орындады

0

Гвардейск гарнизонындағы танк батальоны танк қару-жарағынан штаттық снарядпен оқ атуды жүргізді.

Батальон жеке құрамы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Т-72 танк қару-жарағынан 1-ші бақылау оқ ату жаттығуын орындады. Жаттығуды орындау барысында 125 мм калибрлі зеңбіректен ұзақтығы 1500 шақырымда орналасқан танк нысанасын және 7,62мм ПКТ пулемётімен 600 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 9-шы қол танкіге қарсы граната атқыш нысана мен 900 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 17а автокөлік қозғалысындағы шегінусіз зеңбірек нысаналарын жойды.
Тәжірибелік оқ атудағы дайындық сабағында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жеке құрам штаттық снарядпен оқ атпас бұрын теориялық және іс-тәжірибелік білімдерін шыңдады.
Әскери бөлім командирі полковник Табылды Исалиев оқ ату сабағының соңында қорытынды жасап, үздік рота командирі мен взвод сержантын, үздік экипаж құрамын мараппаттады.
Экипаж жеке құрамы өздерінің шеберліктерінің арқасында жаттығуды сапалы орындады. Олардың әрқайсысы өздерінің іс-әрекеттерін жақсы біледі. Бақылау атыс жаттығуында жақсы нәтиже көрсету үшін экипаж құрамы атыс кезінде бір-бірін жақсы түсіну керек, — деді 1-ші танк батальонының командирі майор Мейрам Асылбеков.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.