Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Гвардейск гарнизонында инженерлік-саперлік полктің жеке құрамына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша жиын өтті.
Іс-шара барысында жеке құрамға Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді. Мемлекет басшысының Қарулы Күштер сырттан төнетін қауіп-қатерлерге әрқашан әзір болуы керектігін тілге тиек етіп, мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта қарауды тапсырғандығы жеткізілді.
Сонымен қатар, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлерді ескере отырып, ведомствоаралық тәсілді қолданудың өзектілігі айтылды.
–Жолдауды жеке құрамға түсіндіру жұмыстары барысында Қарулы Күштерді әрі қарай дамыту, өркендету сұрақтары қарастырылып, Жолдауды жүзеге асыру міндеттелді, – деді әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығы подполковник Қуаныш Серікбаев.
Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.