ИММУНОПРОФИЛАКТИКАНЫҢ ПАЙДАСЫ

0

Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді және қауіпсіз әдістерінің бірі. Ол адам ағзасының иммундық жүйесін күшейтіп, түрлі инфекциялық ауруларға қарсы қорғаныс қалыптастырады.

Иммунопрофилактиканың негізгі мақсаты – аурудың алдын алу, асқынуларды азайту және халық денсаулығын сақтау. Вакцинация нәтижесінде адам ағзасында белгілі бір ауруға қарсы иммунитет түзіледі. Соның арқасында ағза инфекциямен күресуге дайын болады. Иммундау балалар мен ересектерді қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, вирусты гепатит және басқа да қауіпті аурулардан қорғайды. Иммунопрофилактиканың негізгі артықшылықтары: жұқпалы аурулардың таралуын азайтады; аурудың ауыр түрлерінің алдын алады; асқыну мен өлім қаупін төмендетеді; ұжымдық иммунитет қалыптастырады; қоғамдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады. Ұжымдық иммунитет – халықтың басым бөлігі вакцина алған кезде қалыптасатын қорғаныс түрі. Бұл әсіресе иммунитеті әлсіз адамдарды, жаңа туған нәрестелерді және денсаулық жағдайына байланысты вакцина ала алмайтын адамдарды қорғауға көмектеседі. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, вакцинация көптеген қауіпті аурулардың азаюына және жойылуына ықпал етті. Сондықтан иммунопрофилактика – халық денсаулығын сақтаудағы маңызды шаралардың бірі. Әр адамның денсаулығы өз қолында. Уақытылы екпе алу – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың сенімдіжолы.

Л.ЧАЛТИКЕНОВА, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.