🏆 ҚОРДАЙЛЫҚ ЖАС БАЛУАНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ!
2026 жылғы 31 мамыр – 1 маусым күндері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Молтан Сарқытбековті еске алуға арналған 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Аталған дүбірлі додада Қордай ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Айбосынов Сағын – І орын
🥉 Жанабек Жансейіт – ІІІ орын
🥉 Сахи Нұрым – ІІІ орын.