Жетісу облысының білім басқармасының қолдауымен және Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Жаңа буынның дамуы, менің болашақ мамандығымдағы ғылыми және өндірістік жетістіктері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда қордайлық студент жоғары нәтиже көрсетті.
Конференцияның «STEM – ғылыми, техникалық, инженерлік және математикалық жобалар» секциясында студент Рамазанов Манарбек үздік деп танылып, І орын иегері атанды. Бұл жетістік – жас буынның ғылым мен инновацияға деген қызығушылығының және сапалы білімнің жемісі.