Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

0

📌 Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ аумағындағы егістік алқаптарында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған балалардың заң талаптарына қайшы еңбекке тартылу жағдайларының алдын алу жұмыстары жүргізіліп, шаруашылық иелерімен түсіндіру әңгімелері өткізілді. Сонымен қатар, бала еңбегін пайдаланудың заңсыз екендігі және оның бала денсаулығы мен білім алуына кері әсер ететіні туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігін қорғау және заңсыз еңбекке тартылуына жол бермеу. Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.