Қордай ауданы әкімі аппаратының Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары туралы
Қордай аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 03 маусымдағы №04 «Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспарының 17-тармағына сәйкес Қордай ауданы әкімінің аппараты Қордай ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін: үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар ұсынады:
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
| 1 | Жамбыл ауылы | Жамбыл ауылы, Көгершін көшесі №3, Жамбыл ауылдық мәдениет үйі мекемесінің алдында орналасқан ақпараттық тақта |
| 2 | Жаңатұрмыс ауылы | Жаңатұрмыс ауылы, Абай көшесі № 20, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдында орналасқан ақпараттық тақта |
| 3 | Қаракемер ауылы | Қаракемер ауылы, Құсайын Молдасейіт көшесі, №22, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «№54 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдында орналасқан ақпарттық тақта |
| 4 | Керу ауылы | Керу ауылы, Жұмағұл Тіленов көшесі, №1 А, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Балауса балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің алдында орналасқан ақпараттық тақта |
Қордай ауданы әкімінің аппараты