Жыл сайын елімізде ондаған бала терезеден құлап, ауыр жарақат алады немесе көз жұмады. Бұл қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі — үлкендердің салғырттығы мен қауіпсіздік ережелерін білмеуінен болады. Баланың өмірін сақтап қалу үшін әрбір ата-ана нені білуі керек?
Ең басты қателік — ата-аналардың маса торына (шыбын шіркейден қорғайтын тор) сенуі. Тор тек шыбын-шіркейден қорғауға арналған, ол баланың салмағын көтере алмайды. Керісінше, бала торды тірек көріп, оған сенімді түрде сүйенеді де, тормен бірге төменге ұшады. Есіңізде болсын: москит торы — қауіпсіздіктің жалған бейнесі.
Қайғылы жағдайдың негізгі себептері:
Балаларды бөлмеде қараусыз қалдыру;
Терезенің алдына диван, үстел немесе орындықтардың қойылуы (бала олар арқылы терезе алдына оңай шығады);
Пәтерлерде арнайы қорғаныш құрылғыларының (құлыптардың) орнатылмауы;
Үлкендердің баланың көзінше терезені айқара ашып, қауіпсіздікке бейжай қарауы.
Құтқарушылар кеңесі:
Қауіпсіздіктің 6 алтын ережесі
Баланы жалғыз қалдырмаңыз: Бала бөлмесіндегі терезеге
Арнайы бұғаттағыш (блокитор) орнатыңыз: Терезе тұтқасына кілтпен жабылатын құлып немесе терезенің тек желдеткіш режимінде ғана ашылуын қамтамасыз ететін темір шынжырлар (тростар) қойыңыз.
Жиһаздарды жылжытыңыз:
ерезе алдына бала өрмелеп шыға алатын ешқандай жиһаз қоймаңыз.
Терезені жоғарыдан ашыңыз: Егер бөлмені желдету керек болса, терезенің астыңғы бөлігін емес, жоғарғы форточкасын немесе фромугасын ашыңыз.
Балаға терезе алдын көрсетпеңіз: Баланы құшақтап терезеден сыртқа қаратпаңыз, құстарды көрсетпеңіз. Сонда баланың терезеге деген қызығушылығы оянбайды
Түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз:
Балаға терезенің қауіпті екенін, одан құласа не болатынын жас ерекшелігіне сай түсіндіріп отырыңыз.
Құлыптардың қандай түрлері бар?
Қазіргі нарықта балалар қауіпсіздігіне арналған құрылғылар өте көп және олар қымбат емес:
Кілтті тұтқалар (ручка с замком): Кәдімгі тұтқаның орнына қойылады, кілтсіз терезе ашылмайды.
Аспалы құлыптар (Блокатор распахивания): Терезенің астына орнатылады, терезе тек желдетуге ашылады, бірақ айқара ашылмайды.Тросты бұғаттағыштар: Есік шынжыры сияқты жұмыс істейді, терезенің тек белгілі бір қашықтыққа (10-15 см) ғана ашылуын қадағалайды.
Немқұрайлылық танытпаңыз, қауіпсіздікті бүгіннен бастап қолға алыңыз!
Қордай ауданы ТЖБ