«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 13 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды

0
2026 жылғы 10 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысының Тараз қаласы мен барлық аудандарында кезекті тазалық шаралары өтті. Ортақ мақсатқа ұйысқан жастар, еріктілер мен белсенді тұрғындар туған өлкенің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Бұл жолғы экологиялық бастамалар саябақтар мен демалыс орындарын, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді қамтыды. Әр аумақта тазалық жұмыстары жүргізіліп қана қоймай, табиғатты аялау мен қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың маңызы насихатталды.

Тараз қаласында Абай мен А.Пушкин көшелерінің қиылысындағы Пушкин ескерткішінің маңында «Тазалық жаршысы» атауымен экологиялық акция өтті. Ал Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы дендросаябақта «Жастар және тазалық: ортақ жауапкершілік» бастамасы аясында тазалық жұмыстары қолға алынды.

Жамбыл ауданының Аса ауылындағы Абай көшесінде «Экологиялық мәдениет: тазалық өзімізден басталады» тақырыбымен ұйымдастырылған шара тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға арналды. Жуалы ауданындағы орталық саябақ та тазалық шараларынан тыс қалмай, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ретке келтірілді. Ал Меркі ауданында экологиялық бастама әсем табиғатымен ерекшеленетін Меркі шатқалында жалғасын тапты. Мұнда «Таза өлке – таза ел» ұранымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.