Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық білім бөлімінің қатысуымен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында күндізгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Рейд барысында өзен-көлдер мен су айдындарының қауіпті учаскелерінде жүрген тұрғындармен, әсіресе жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылудың маңыздылығы, сондай-ақ рұқсат етілмеген орындарда суға түсудің адам өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіптері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың су айдындары маңындағы қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
Рейд барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.