Кенен ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!» атты ақпараттық бүктемелер «Қордай шамшырағы» газетіне ілініп, ауыл тұрғындарына таратылды.

0

Кенен ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!» атты ақпараттық бүктемелер «Қордай шамшырағы» газетіне ілініп, ауыл тұрғындарына таратылды.
Бүктемелерде интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы маңызды ақпараттар қамтылды.
Аталған шараның мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтарының құрбаны болудың алдын алу және азаматтарды сақтыққа шақыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.