Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

0

Қазіргі таңда елімізде 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 62,1%-ға жеткен. Бұл өңірлерде спорт нысандары желісінің тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Министрлік заманауи стадиондар салуға да ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде Қазақстанда 30 ірі стадион бар. Сонымен қатар тағы 15 стадионның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.