Тұрғын үй құрылысы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

0

Тұрғын үй құрылысы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Баспанамен қамтамасыз ету, құрылыс қарқынын күшейту, жаңа тұрғын аудандарын қалыптастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қала келбетін жаңғырту – бүгінде Тараз қаласында жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан басым міндеттердің қатарында, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Тараз қаласында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 27,4 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 116,3 мың шаршы метрге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көрсетті. Бұл көрсеткіштер құрылыс саласының тұрақты дамып келе жатқанын және қаладағы тұрғын үй қорының жыл сайын артып отырғанын айғақтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.