Мемлекеттік сатып алуларға электрондық ішкі мемлекеттік аудит бақылау нысанына бармай-ақ жүргізілуде

0

Мемлекеттік сатып алуларға электрондық ішкі мемлекеттік аудит бақылау нысанына бармай-ақ жүргізілуде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік департаменті өз құзіреті шеңберінде мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында ішкі мемлекеттік аудитін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы «Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» №413 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алуларға электрондық ішкі мемлекеттік аудиттерді 2020 жылдан бастап жүргізілуде. Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты байланысты жою жолымен мемлекеттік аудит объектілеріне жүктемені төмендету, Департамент құзыретіне сәйкес аудит жүргізу мерзімдерін қысқарту, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдауды және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған электрондық құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, осы құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн пайдаланған жағдайда ғана жүргізіледі. Ағымдағы жылы, Департамент тарапынан 17 электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізілген. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Департамент тарапынан өз құзіреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдануда.
Е.Беков, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.