Табиғи газ тарифі өзгерді

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен жаңа тарифтерге сәйкес Жамбыл өндірістік филиалының тұтынушылары үшін табиғи газдың бағасы өзгерді.

Жаңа тариф бойынша тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін табиғи газдың соңғы бағасы (газды тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметін қоса есептегенде) 1000 текше метрге – 58 368,60 теңгені құрайды.

Ал газды тасымалдау қызметін есептемегендегі тауарлық газдың бағасы 1000 текше метрге – 50 317,76 теңге болып белгіленді.

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға да жеңілдік қарастырылған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе тұрғын үй көмегін алатын тұрғындар үшін табиғи газдың бағасы 1000 текше метрге – 31 319,68 теңге болып бекітілді.

Сондай-ақ заңды тұлғаларға, бюджеттік ұйымдарға, жылу энергетикасы кәсіпорындарына, ірі коммерциялық тұтынушыларға және цифрлық майнинг субъектілеріне арналған тарифтер де жаңартылды.

Бюджеттік еместерге — 88 809,18 теңге, Бюджеттік — 90 794,93 теңге. Жаңа тарифтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен тәртіпке сәйкес қолданысқа енгізілді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Қордай газ шаруашылығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.