Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес өткізді.
Ербол Қарашөкеев азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесті
Кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Елдар Сапаров пен азаматтық қоғам институттарының белсенді өкілдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі азаматтық қоғам институттарының мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, тиімді әріптестікті дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.