Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2519,5 тонна ет (сойыс салмақта), 24027 тонна сүт, 7144,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1051,3 тонна ет азайды, 140 тонна сүт, 36,4 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 90098 басқа, қой 487325 басқа, ешкі 9313 басқа, жылқы 24009 басқа, шошқа 749 басқа, үй құстары 110519 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1051 басқа, қой 2503 басқа, ешкі 15 басқа, жылқы 3165 басқа, үй құстары 54 басқа, шошқа 161 басқа көбейді.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 24556726 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6984919 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 17571807 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 29015040 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 105,8% құрады.
Инвестиция. Аудан бойынша қаңтар-маусым айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 25918357 мың теңгені құрады.
Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-маусым айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 20888006 мың теңгені құрады.