Қордай аудандық электр желілері (АЭЖ) қазіргі уақытта Қырғыз Республикасындағы «Главная» қосалқы станциясында электр қуатының тапшылығына байланысты, одан қоректенетін «Георгиевка» және «ДСУ» қосалқы станциялары арқылы Қордай ауданының электр желілерінде кернеу деңгейінің төмендеуі байқалып отырғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қордай ауданының тұтынушыларын электрмен жабдықтау Шу ауданындағы «Тасөткел ГЭС» қосалқы станциясынан резервтік схема бойынша жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты электр желісіндегі кернеу деңгейінің төмендеуі орын алуы мүмкін, бұл тұрмыстық электр құрылғылары мен өзге де электр жабдықтарының жұмысына әсер етуі ықтимал.
Қазіргі уақытта Қордай АЭЖ мамандары тиісті қызметтермен бірлесіп электрмен жабдықтау режимін тұрақтандыру және қалыпты қоректендіру схемасын қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жұмыстар жедел тәртіппен жүргізілуде.
Құрметті аудан тұрғындары, қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды, ең жоғары жүктеме сағаттарында қуатты көп тұтынатын электр құрылғыларын пайдалануды мүмкіндігінше шектеулеріңізді, сондай-ақ кернеудің айтарлықтай ауытқуы байқалған жағдайда сезімтал электрондық жабдықтарды (компьютерлерді, теледидарларды, газ қазандықтарын, сорғыларды және басқа да техникаларды) электр желісінен уақытша ажыратуларыңызды сұраймыз.
Электрмен жабдықтаудың қалыпты схемасы қалпына келтірілгеннен кейін электр желісінің параметрлері нормативтік талаптарға сәйкестендіріледі. Электрмен жабдықтаудың штаттық режимінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қордай аудандық электр желілері әкімшілігі