Заңсыз еңбекке тартудың алдын алу жұмыстары жүргізілді

0

Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекке тартудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстар аясында ауылдық округ аумағында орналасқан кәсіпкерлер және ата-аналарға, жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кәмелетке толмағандарды еңбекке қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау, олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары барысында заң бұзушылыққа жол бермеу қажеттілігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Бүгінгі таңда ауылдық округ аумағында кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекке тарту фактілері анықталған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.