Жұмыссыз азаматтарға арналған жәрмеңке

0

Қордай аудандық Мәдениет үйінде аудандық Мансап орталығы филиалы мен аудандық білім бөлімі бірлесіп білім саласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұсынды.

Бұл іс-шараға ауданымыздағы жұмыссыз азаматтар қатысып, өздерінің кәсіби болаша-ғын қалыптастыруға үлкен қызығушылық көрсетті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – білім саласында бос тұрған жұмыс орындарын таныстыру арқылы жұмысқа орналасуға ықпал ету, сондай-ақ аудандағы педагогикалық кадрлар тапшылығын жою.

Жәрмеңкеге келген азаматтарға білім саласындағы әртүрлі лауазымдар бойынша ұсыныстар ұсынылды. Жергілікті мектептер мен оқу орындарының өкілдері өз мекемелеріндегі бос қызмет орындары мен талаптар туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, тікелей жұмыс берушілермен кездесуге жағдай жасалды. Қатысушылар мамандықтарына сәйкес ең қолайлы қызмет орнына жеке сұхбат жүргізіп, болашақ жұмыс орнын таңдауда нақты шешім қабылдауға мүмкіндік алды.

Жәрмеңкеде жастар мен орта буын мамандары, сондай-ақ педагогикалық салада алғаш рет жұмыс істеуге ниет білдірушілер белсенді түрде қатысты. Кәсіби біліктілігі бар және жаңадан диплом алған бірқатар үміткерлер кәсіби кеңестер алды. Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар жаңа жұмысшыларға бағыт-бағдар беріп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысқа орналасуға қатысты маңызды кеңестер айтты.

Іс-шара барысында білім бөлімінің өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қолдау шаралары мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат жеткізді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – тұрғындардың өз кәсібін табуға және өмірлік бағдарларын нығайтуға бағытталған маңызды шара.

Бұл шара кадр тапшылығын толықтыруға және ауданның білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді деген үміт бар.

Шара аясында жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуын арттыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту көзделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.