Қордай ауданында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында аудан аумағында бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда.
Бұған дейін орнатылған бейнебақылау жүйелері арқылы бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, заң талаптарын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда.
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті бақылауды одан әрі күшейту мақсатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы аумағында 2 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылды.
Сонымен қатар жақын арада Қордай ауылының аумағында қосымша 5 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.
Аталған шаралар аудан аумағында тазалықты сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау және белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың алдын алуға бағытталған.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын тазалық талаптарын сақтап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз.