Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы кезекті фейктер толқыны туралы ескертеді

0

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҚР ОСК басшылығының бейнелері пайдаланылған жалған мәлімдемелердің, баспасөз хабарламаларының, фото- және бейнематериалдардың мақсатты түрде таратылып жатқанын тіркеуді жалғастыруда.

Назар аударамыз: сайлау процесіне қатысты барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми ресурстарында (веб-сайтта, Telegram-арнасында) ғана жарияланады.

Бұған дейін Орталық қаскүнемдер кейіннен жалған ақпарат тарату үшін пайдалануы мүмкін жария тұлғалардың бейнелері бар фото- және бейнематериалдардың үлкен көлемін жинақтап жатқаны туралы ескерткен болатын.

Анықталған жалған ақпарат тарату фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тергеп-тексеру жүргізуде. Жалған материалдарды жасау және тарату жағдайларының барлығы құқық қорғау органдарымен тіркелуде.

‼️ Орталық азаматтарды шынайылығы ресми дереккөздер арқылы расталмаған хабарламаларды, аудио- және бейнежазбаларды қайта жібермеуге және жарияламауға шақырады. Құқыққа қайшы контентті жасауға және таратуға қатысы бар тұлғалар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

📌 Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған жағдайда ғана сеніңіз. Фото- және бейнематериалдардың түпнұсқалығын арнайы сервистер арқылы тексеруге болады. Хабарламаны тексеруге жұмсалған бірнеше секунд шынайы емес контенттің таралуына және соған байланысты құқықтық салдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.