Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында республикалық IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

0

 

Бүгін, 17 тамызда Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті Сәуле Шакуова қатысып, спортшыларды Спартакиаданың ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тек 2025 жылы Астана, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларында төрт инклюзивті спорт орталығы пайдалануға берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.