Өзекті мәселелер – бақылауда

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке қабылдап, олардың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды қабылдау өткізді.

Бұл кездесуде ауданның әртүрлі елді мекенінен келген тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскелері, қаржылай көмек алу, инженерлік инфрақұрылымның дамуы, жол сапасы, ауыз су мәселелері мен елді мекендердің абаттандыру қажеттіліктеріне қатысты өзекті мәселелерді назарға жеткізді. Әкім әр азаматтың өтінішін тыңдап, заң талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берді және көтерілген мәселелердің шешімін табуға керекті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Айта кететін жайт, қабылдау барысында бірқатар тұрғынның уәжі тұрғын үй мәселесіне қатысты болды.

«2025 жылғы 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады. Бұл бірыңғай электрондық жүйе өтініштерді онлайн қабылдап, автоматты түрде өңдейді», — деді әкім.

Сондай-ақ, әкім қабылдау шарасында көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты түрде бақылауға алуды тапсырды. Бұл – тұрғындардың өтініштерін жан-жақты қарастырып, әрбір мәселенің уақтылы шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізудің кепілі. Әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық, сенімді және тиімді байланысты нығайту – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Жеке қабылдау форматы тұрғындардың нақты қажеттіліктерін, орын алатын қиындықтары мен ұсыныстарын ашық ортада жеткізуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер азаматтардың өзекті мәселелерін жүйелі тыңдап, оларды заң аясында шешу мен халықпен үйлесімді қарым-қатынас құруға негізделеді.

Әкімдіктің тұрғындарды жеке қабылдауы – жергілікті халықтың қоғамдағы рөлін күшейтіп, олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бұл іс-шара аудан деңгейінде азаматтарға шынайы көмек көрсетіп, әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты даму құндылықтарын бекітуге арналған тиімді басқару үлгісі ретінде жоғары бағаға ие.

Әділет Құттыбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.