Қордай ауданының Отбасын қолдау орталығының қызметкерлеріне, әсіресе заңгер САРЫМСАҚОВА АЙГҮЛ МАЛИКҚЫЗЫНА, кәсібилігі, мұқият қарым-қатынасы, ізеттілігі және көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Қиын жағдайда көрсеткен жанашырлығыңызға және көмек көрсетуге әрдайым дайын болғаныңызға үлкен рақмет. Жұмысқа деген жауапты көзқарасыңыз бен адамгершілік қолдауыңыздың арқасында қажетті көмек уақтылы көрсетілді.
Сізге жұмысыңызда табыс, зор денсаулық, отбасыңызға амандық-саулық және айналаңызда әрдайым алғыс білдіретін жандардың көп болуын тілеймін!
М.М.ӘЗІМБАЕВ