12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген қоғамдық пікірді іріктемелі зерттеу нәтижесі бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Оның ішінде 19,2%-ы бос уақытында өз бетінше жаттығады, 28,1%-ы білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады, ал сауалнамаға қатысқандардың 0,4%-ы спортпен кәсіби түрде айналысады. 2025 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 1,2 пайыздық тармаққа артып, 46,5%-дан 47,7%-ға жетті.
Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары — 49,3% (2025 жылы – 48,4%), ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45,0%-ды құрады (2025 жылы – 43,5%). Бұл ретте қала тұрғындары бос уақытында өз бетінше жаттығуды жиі таңдайды – 22,2%, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 13,7%-ды құрайды.