2026 жылғы 17–18 тамыз күндері Тараз қаласында өткен Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында Қордай ауданының жас волейболшылары жақсы нәтиже көрсетті.
Қыздар арасында волейболдан Қордай ауданының құрама командасы жүлделі III орынға ие болды!
Бұл – жас спортшыларымыздың ұйымшылдығы, табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Қордайлық волейболшыларды, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қордайдың абыройын асқақтата беріңіздер! 🇰🇿
Жеңістеріңіз көп болсын,жас спортшылар 🏆
ҚОРДАЙЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР — АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!
Prev Post