СЕЗІМ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

0

Қордай ауданы, Қақпатас ауылының тумасы Сезім Өтеулі Бакуде өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды.

 Халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғаған Сезім Өтеулі осылайша әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк туын биікке көтерді.

Спортшының алғашқы бапкері – Мұстафин Ахан Қайсарұлы. Жеңіске жету жолында спортшының қажыр-қайраты мен бапкерінің кәсіби еңбегі өз нәтижесін көрсетті.

Сезім Өтеуліні айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетіп, ел мерейін асқақтата беруіне тілектеспіз.

Сезімнің жеңісі – Қордай ауданының зор мақтанышы!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.