«КІТАП – БІЛІМНІҢ КІЛТІ» 1 қыркүйек – Білім күніне орай Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №22 Қаракемер ауылдық кітапханасында «Кітап – білімнің кілті» тақырыбында «Кітапхана әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

0

Шараға №54 жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға Білім күнінің маңызы түсіндіріліп, жаңа оқу жылына сәттілік тілектері білдірілді. Сонымен қатар білімнің адам өміріндегі орны, кітаптың білім мен тәрбие берудегі маңызы туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Оқушыларға кітапты ұқыпты ұстау, кітапхана ережелерін сақтау және кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

📖 Кітап оқу – білімге бастар жол. Кітаппен дос болған ұрпақтың болашағы жарқын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.