Аталған зияткерлік додада №7 Бетқайнар колледжінің әдіскері Абдулмаксут Айнур білімділігі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүделі І ОРЫНДЫ иеленді.
Іс- шараның басты мақсаты – Абай шығармаларындағы әділеттілік, адамгершілік және жауапкершілік идеяларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру. Сайыс барысында әдіскеріміз хәкім Абайдың рухани мұрасын заманауи қоғам талаптарымен ұштастыра отырып, терең талдау жүргізді.