Ипотека мен ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер көптеген жастар үшін баспана алуды күрделендіретіні жасырын емес. Дегенмен, мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар да өз баспанасына қол жеткізіп жатыр.
Бейнеролик кейіпкері 2022 жылы оқуын аяқтап, Ақмола облысындағы Анар станциясында орналасқан балабақшаға тәрбиеші болып жұмысқа орналасады. Ал 2023 жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 23 жасында өз үйін сатып алды.
📌 Бұл жоба — Ақмола өңірінің ауылдық жерлеріндегі жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына әрі аймақта тұрақтауына жол ашатын тиімді тетіктердің бірі.