Табиғат байлығын қорғау – адалдықтан басталады. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – ортақ міндет. Табиғат – адамзаттың ортақ қазынасы, ал орман – сол табиғи байлықтың аса маңызды бөлігі. Орман алқаптары қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтап, жануарлар дүниесіне мекен болып, табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан орманды қорғау, оның байлығын сақтау және табиғи ресурстарды заң талаптарына сәйкес пайдалану – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілігі.
Осы орайда орман саласында еңбек ететін әрбір қызметкердің бойында кәсіби біліктілікпен қатар, адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға деген құрмет болуы қажет.
Адалдық – жай ғана жақсы қасиет емес, ол қызметтік міндетті орындаудың басты қағидаты. Әсіресе табиғи ресурстарды қорғау саласында бұл талаптың маңызы ерекше. Себебі орман мен жануарлар дүниесі – жеке адамның емес, халықтың ортақ игілігі.
Орманды қорғау – тек ағаштарды күзету емес. Бұл – табиғи экожүйені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін орман қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындауы керек. Қызметтік өкілеттікті жеке мақсатқа пайдаланбау, азаматтармен қарым-қатынаста әділ болу, шешім қабылдауда объективтілік таныту – адал қызметтің негізгі белгілері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет те осындай құндылықтардан қалыптасады. Қазақстан Республикасының заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті білдіретін құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталған қызмет ретінде айқындалады.
Бүгінгі ұрпақ табиғат байлығын қалай пайдаланса, ертеңгі ұрпақтың қоршаған ортасы да соған байланысты болады.
Бізден кейінгі ұрпаққа орманы сиреген, табиғи байлығы азайған өлке емес, керісінше, жасыл желегі жайқалған, жануарлар дүниесі қорғалған, табиғи ресурстары сақталған туған жер қалуы керек.
Орман қызметкері – табиғаттың қорғаушысы. Сондықтан оның ең басты құндылығы – адал қызметі. Табиғатты қорғау жолында жасалған әрбір адал іс – елдің болашағына қосылған үлес.
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ ұжымы өз қызметінде заңдылықты, адалдықты, жауапкершілікті және әділдікті басты қағидаттардың бірі ретінде ұстанады.
Мекеме үшін табиғи ресурстарды қорғаумен қатар, қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымда адалдық мәдениетін қалыптастыру да маңызды бағыттардың бірі.
Әркім өзінен бастау керек. Сыбайлас жемқорлықты жоюды өзгеден талап етпес бұрын, әр адам ең алдымен өзінен бастауы қажет.
Пара бермеу – адалдық.
Пара алмау – адалдық.
Заңды бұзбау – адалдық.
Қызметтік міндетті сапалы орындау – адалдық.
Табиғатты қорғау – адалдық.
Әділ шешім қабылдау – адалдық.
Адал қоғам – әділетті қоғам.
Адал қызмет – елге деген құрмет.
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау.
Табиғат байлығын бірге қорғайық!
Адалдықты бірге дәріптейік!
Сыбайлас жемқорлыққа бірге жол бермейік!
Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі КММ