«Асқақ рухты Әулиеата» тақырыбында өткен іс-шарада Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен қатар 50-ден астам креатордың жобалары, IT өнімдері, инновациялық бастамалары мен заманауи идеялары көпшілік назарына ұсынылды.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетов келіп, жамбылдық креаторлардың жұмыстарымен танысты.
Креативті жобалар қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жасанды интеллект негізіндегі «Зияткерлік және спорттық кофехана», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Hermes Analytica» цифрлық кәсіптік бағдар беру жүйесі әзірленген жобалары бар.