Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының «Creative AIMAQ» республикалық жобасы аясында Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара шымылдығын дәстүрлі әнші Бекарыс Көштаев Аяз Бетбаевтың «Жамбыл Жабаевқа арнауымен» ашты, деп хабарлайды baq-orda.kz zakon.kz ақпараттық поталына сілтеме жасап.

0

«Асқақ рухты Әулиеата» тақырыбында өткен іс-шарада Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен қатар 50-ден астам креатордың жобалары, IT өнімдері, инновациялық бастамалары мен заманауи идеялары көпшілік назарына ұсынылды.

Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетов келіп, жамбылдық креаторлардың жұмыстарымен танысты.

Креативті жобалар қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жасанды интеллект негізіндегі «Зияткерлік және спорттық кофехана», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Hermes Analytica» цифрлық кәсіптік бағдар беру жүйесі әзірленген жобалары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.