Бүгін аудандық музейге «Болашақ» бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушылары келіп, көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихты танытатын құнды жәдігерлермен танысты. Оқушылар музей залдарын аралап, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты бұйымдарға, тарихи құжаттар мен мәдени мұраларға қызығушылық танытты. Экскурсия кезінде балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алған әсерлерімен бөлісті.