Бүгін аудандық мәдениет үйінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында форум өтті.
Аталған маңызды басқосуға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл, Қордай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Алмас Борантаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сакен Амирбеков, «Әділет» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Қордай аудандық мәслихатының депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева қатысты.
Сонымен қатар форум жұмысына ауылдық округ әкімдері, ауданның барлық мектептері мен колледждерінің директорлары, әлеуметтік педагогтер мен мектеп психологтары, имамдар, ауылдардағы ақсақалдар мен билер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ 9, 10, 11-сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Форум барысында жастар тәрбиесіндегі заң мен тәртіптің маңызы, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет «Ұрпақ тәрбиесіндегі заң мен тәртіптің маңызы» тақырыбында баяндама жасап, аға буынның жас ұрпаққа үлгі көрсетудегі рөліне тоқталды.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сакен Амирбеков «Жастар және заң: құқық пен жауапкершілік» тақырыбында сөз сөйлеп, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызын атап өтті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов «Заң мен тәртіп: білім берудегі құндылық, жауапкершілік және қауіпсіз орта» тақырыбында баяндама жасап, білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Ал аудандық мәслихат депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында ой бөлісіп, бала тәрбиесінде отбасы мен қоғамның өзара жауапкершілігінің маңызын атап өтті.
Форумның маңызды бөлігінің бірі – сұрақ-жауап алаңы болды. Жастар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң, құқық және жауапкершілік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ «Әділет» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов форумда көтерілген мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.
Форум қорытындысында қатысушылар заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі екенін атап өтті.